1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше35
Апта269
Ай672
Барлық күндері26310

Жаңалықтар мұрағаты

Жаңалықтар-2016

Жаңалықтар-2017

 

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Жаңалықтар

Аудан мектептеріндегі күзгі демалыс

   2018 жылдың 29 қазан – 2 қараша күндері аралығында күзгі демалыс кезіндегі білім беру мекемелерінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдай жасау, денсаулықты нығайту және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында тәрбие жоспары құрылды.

   Жұмыс жоспарына сәйкес күзгі демалыс кезінде оқушылармен тәрбиелік іс – шаралар күн сайын өткізілді, негізінен іс-шаралар жаппай сипатқа ие болды: танымдық және ойын түрлі бағдарламалары, олардың мазмұны балалардың барлық жас категориясына бағытталған.

   Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында жалпы сипаттағы бұқаралық іс-шаралардан басқа спорттық – сауықтыру бағытындағы іс-шаралар өткізілді.

   2018 жылдың 1 қараша күні "Қайсар" БЖК-ның спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес Успен №2 ЖОББМ базасында аудан орталығы мектептері арасында дойбы және шахмат бойынша жарыстар өткізілді. Жарысқа барлығы 30 оқушы қатысты. Дойбыдан барлық ойындарды өткізгеннен кейін жеке сынақта үшінші орынға К. Баяубаев, екінші орынға Ж. Рамазанов , бірінші орынға Е. Ельгундинов иеленді, шахмат бойынша жеке сынақта қыздар арасында үшінші орынға В. Манжос, екінші орынға В. Пилько, бірінші орынға Е. Манжос ие болды, командалық сынақта ұлдар арасында үшінші орынды №2 ЖББМ командасы команда (құрамында М.Берш, Б. Дуненбаев, Р. Сарсенбаев), екінші орынды №3 ЖББМ командасы (құрамында А. Сабабаев, С.Сарсенбинов, М. Бердмурат), бірінші орынды №1 ББОМ командасы (құрамында А.Үсенов, Н.Үсенов, Д.Нурманов) алды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Қайсар"спорт клубының грамоталарымен марапатталды.

   Аудан мектептерінде әртүрлі зияткерлік ойындар, конкурстық бағдарламалар, ұлттық ойындар, сондай-ақ спорттық іс-шаралар өткізілді.

   №1 ЖОББМ "Күзгі марафон", "күзгі Шабыт" атты шығармашылық сағаттары өткізілді, сонымен бірге балалар "Жақсылық жаса"акциясына қатысты.

   Белоусовка орта мектебінде күзгі демалыс бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын бағдарламаларына толы болды. Бастауыш сынып мұғалімі Р. Б. Балғабаева 3 сынып оқушылары үшін "Достық - басты ғажайып"ойын - сауық бағдарламасын ұйымдастырып өткізді. «Қазақша сөйлейік» ойыны өте көңілді өтті, ойынды Хамитова Жанат Берікқызы өткізді. Балалар ребустар шешті, сурет салып, қазақ тіліндетүрлі ойын ойнады.

   Богатырь жалпы негізгі білім беру мектебінде келесі іс-шаралар өткізілді: "Алтын сандық" байқауы, "Ертегіде қонақта" викторинасы, ұлттық ойындар.

   "Балдырған" атты балалар эстетикалық орталығында «У берез и сосен тихо ходит осень», «Күзгі музыкалық серпантин», «Экологическая паутина» атты күзгі іс-шаралар, «Осенняя дискотека» би флешмобы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар түрлі ойындар ойнап, ұсынылған конкурстар мен танымдық викториналарға қатысып, қызықты саяхаттарға қатысты. Соңында балалар мультфильмдерді тамашалады.

   Күзгі демалысқа құрылған тәрбие жұмысының жоспары толық көлемде орындалды. Күзгі демалыс қысқа болса да, бірақ қызықты және әр түрлі іс-шаралардың өтуіне байланысты балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.