1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше16
Апта158
Ай612
Барлық күндері34321

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

 

 

     Акция «Болашақты біз бірге жасаймыз!»

   Білім беру бөлімі 2019 жылғы 3 шілде - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілуін жариялайды. Биылғы жылы акция «Жүректен жүрекке!» атты ұранымен өтеді.

   Акцияның мақсаты – аз қамтылған көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мектеп жәрмеңкесі, қайырымдылық күндер, рейдтік шаралар барысында балаларды мектепке қайтаруға және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Әр оқушы жақсы жағдайда сапалы білім алуға лайықты!

   СІЗДІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ БОЛ ДЕП ШАҚЫРАМЫЗ!

   Елімізде нашар қамтылған отбасылардан он мыңнан астам оқушылар бар. Оларға мектепке дайындалуға көмектесейік. Әсіресе, осы оқу жылында мектепке киінуге жағдайы жоқ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылардың оқушыларына аз да болса көмегімізді көрсетейік! Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша ала аласыз: 8 (71834) 91955, 8 (71834) 92420

 

 

 

Жаңалықтар

Қорғаншы күні

   2018 жылы 2 қарашада Қорғаншы күніне арналған Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қорғаншылар облыстық форум өтті.

   Осы іс-шараның мақсаты - өз отбасына баланы тәрбиелеуге қабылдаған отбасыларға алғыс білдіру, бөтен бала және бөтен қайғы болмайтын адамдарды көтермелеу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандарын насихаттау.

   Біздің ауданнан отбасылық үлгідегі балалар үйінің директоры А.Б. Жұмабеков, қорғаншы Б.Ш.Мукушева, патронат тәрбиеші М.Х. Амри қатысқан, олар облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевтің және Павлодар облысы білім беру басқармасының алғыс хаттармен марапатталды. Патронат тәрбиеші Маржан Хасильжанқызы Амри осындай мереке, көңіл бөлу мен қамқорлық үшін алғысын білдірді.