1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін23
Кеше23
Апта46
Ай720
Барлық күндері27618

Жаңалықтар мұрағаты

Жаңалықтар-2016

Жаңалықтар-2017

 

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Жаңалықтар

Успен ауданының білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 25 жылдығын мерекелеуге арналған өткізілген іс-шаралар

 

    2018 жылдың 15 қарашасында Успен ауданының мектептерінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, ұлттық атрибуттар мен рәміздерді, тарихты, дәстүрлерді құрметтеу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді:

   "Теңге - Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы" атты танымдық үзілістер өткізілді. Іс-шараның мақсаты: ұлттық валютаның – теңге мен елдің әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын анықтау, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылар ұлттық валюта – теңгенің пайда болу тарихы туралы қызықты ақпарат алды, жаңа банкноталар дизайнының элементтерімен танысты, оларды безендірді, мерейтойлық және естелік монеталар жасалатын Өскемен қаласының монеталар ауласы туралы танып білді, танымдық викторинаға белсенді қатысты.

   №3 Успен ЖОББМ-не валюта коллекционері Ю. Ф. Жуков шақырылды, ол балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының енгізілуінің тарихын баяндады. 1-11 сынып жетекшілері "Алтын теңге: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу тарихы", "Теңге - Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің нышаны", "Қазақстан тарихындағы ақша белгілері" тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.

   Мектеп тәлімгерлері бастауыш сыныптар арасында "Теңге балалар көзімен" атты сурет сайысын өткізіп, әрі 1 сынып оқушысы Е.Сеитов, 4 сынып оқушысы А. Наби және 1 сынып оқушысы Н. Корневтің суреттері ең жақсы жұмыстар болып саналып мадақтамаларымен марапатталды.

   Мектептер фойесінде "15 қараша – ҚР Ұлттық валюта күні" атты стендтері ресімделді, онда оқушылар қызықты және пайдалы ақпаратпен танысты.

   Аудан мектептерінде іс-шаралармен қамтылу - 100% мектеп оқушыларын құрады.