1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін1
Кеше16
Апта158
Ай612
Барлық күндері34321

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

 

 

     Акция «Болашақты біз бірге жасаймыз!»

   Білім беру бөлімі 2019 жылғы 3 шілде - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілуін жариялайды. Биылғы жылы акция «Жүректен жүрекке!» атты ұранымен өтеді.

   Акцияның мақсаты – аз қамтылған көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мектеп жәрмеңкесі, қайырымдылық күндер, рейдтік шаралар барысында балаларды мектепке қайтаруға және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Әр оқушы жақсы жағдайда сапалы білім алуға лайықты!

   СІЗДІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ БОЛ ДЕП ШАҚЫРАМЫЗ!

   Елімізде нашар қамтылған отбасылардан он мыңнан астам оқушылар бар. Оларға мектепке дайындалуға көмектесейік. Әсіресе, осы оқу жылында мектепке киінуге жағдайы жоқ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылардың оқушыларына аз да болса көмегімізді көрсетейік! Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша ала аласыз: 8 (71834) 91955, 8 (71834) 92420

 

 

 

Жаңалықтар

«1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!»

 

   2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні болып белгіленді.

   Бұл мереке кешегі тоталитарлық жүйенің қысымымен қазақ жеріне жер аударылып келіп, қазақтан пана тауып, қазір осы жерде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің Қазақ халқына деген Алғыс айту күні болып табылады.

   «1 наурыз - Алғыс күні!» барлық білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.

   Мектеп кітапханаларында «Алғысым шексіз, халқыма» атты кітап көрмесі, оқушылар Алғыс айту күніне арналған қабырға газеттерін жасады .

   Аудан мектептерінде «Бір шаңырақ астында» атты бірыңғай флеш-моб өтті.

   1 наурызда «Балдырған» БЭО фойесінде «Қазақстан – менің Отаным» панорамалық көрмесі аудан мектептері арасында «Қазақстан, біз саған ризамыз!» атты суреттер байқауы өткізілді. 1 орынды Таволжан ЖОББМ мектепалды даярлық сынып оқушысы -Негодина Алиана, №2 Успен ЖОББМ мектепалды даярлық сынып оқушысы - Козленко Алина иеленді; 2 орынды Ковалев НЖББМ 3 сынып оқушысы - Набиева Диана, мектепалды даярлық сынып оқушысы Ахимова Аделя және 1 сынып оқушысы Николаев Игорь иеленді; 3 орынды Қозыкеткен ЖОББМ 4 сынып оқушысы - Герлиц Вероника және Богатыр НЖББМ мектепалды даярлық сынып оқушысы - Бондарева Дарья, 4 сынып оқушысы Карпеченко Иван иеленді. «Балдырған» БЭО фойесінде барлық суреттерден көрме түрінде безендірілді.

   «Менің үйім! Менің тағдырым! Менің Қазақстаным!» концерттік бағдарламасында №1, 2, 3 Успен ЖОМ оқушылары және «Балдырған» БЭО тәрбиеленушілері әр түрлі тілде ән шырқап, ерекше музыкалық тартуларымен шараға қатысушыларға, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бүгінгі концерттік бағдарламаны дайындап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін музыкалық үйірме жетекшілеріне Алғыс айту күні Г.В. Черненко, Л.П. Бут, З.Р. Шакаргалиева, Л.М. Солонина, Л.П. Леонтьеваға «Балдырған» БЭО алғыс білдіреді.