1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше28
Апта143
Ай597
Барлық күндері34306

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

 

 

     Акция «Болашақты біз бірге жасаймыз!»

   Білім беру бөлімі 2019 жылғы 3 шілде - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілуін жариялайды. Биылғы жылы акция «Жүректен жүрекке!» атты ұранымен өтеді.

   Акцияның мақсаты – аз қамтылған көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мектеп жәрмеңкесі, қайырымдылық күндер, рейдтік шаралар барысында балаларды мектепке қайтаруға және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Әр оқушы жақсы жағдайда сапалы білім алуға лайықты!

   СІЗДІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ БОЛ ДЕП ШАҚЫРАМЫЗ!

   Елімізде нашар қамтылған отбасылардан он мыңнан астам оқушылар бар. Оларға мектепке дайындалуға көмектесейік. Әсіресе, осы оқу жылында мектепке киінуге жағдайы жоқ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылардың оқушыларына аз да болса көмегімізді көрсетейік! Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша ала аласыз: 8 (71834) 91955, 8 (71834) 92420

 

 

 

Жаңалықтар

«Үздік сабақ әзірлемесі - 2019» І облыстық конкурсының аудандық кезеңінің нәтижесі

 

   Успен ауданы білім беру мекемелерінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мектеп педагогтары тарапынан ұсынылған үздік сабақ әзірлемелерін қарастыру бойынша отырыс 2019 жылғы 11 наурызында өткізілді.

   2018-2019 оқу жылында Успен ауданының 15 мектебінде үштілділікті енгізу ішінара оқытумен (вариативтік компоненттен) жүзеге асырылды.

   Жалпы ауданның 13 мектебінен ЖМБ пәндерін (физика, биология, информатика) ағылшын тілінде оқыту бойынша - 17 педагог: оның ішінде физикадан – 8, биологиядан – 7, информатикадан – 2 және орыс тілінде оқитын сыныптарда Қазақстан тарихы пәнінен 1 педагог қатысты.

   «Үздік сабақ әзірлемесі - 2019» І облыстық конкурсын өткізу туралы Ережесіне сәйкес мұғалімдердің жұмыстары бағаланды. Біріншіден конкурсқа ұсынылған сабақ әзірлемелерінің құрылымы, мазмұны, ресімдеу талаптары ескерілді. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында ЖМБ пәндерін оқытудың әдіс-тәсілдері, сабақты ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын заманауи талаптардың, сабақтың кезеңдер арасында өзара байланысы сақталған.

   Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың сабақтың мақсатымен үйлесуі, жаңа ақпаратты меңгертуде ресурстардың тиімді әрі мазмұнды, жинақы, уақытқа қатысты ұтымды фрагменттерді, тірек сызбаларды, пәндік білім-білік дағдыны қолдана отырып, білім алушылардың берілген тапсырмаларды нәтижелі орындауына мүмкіндік туғызу жағдайы ескерілген.

   Мұғалімдердің басым бөлігі сабақты ұйымдастыру барысында CLIL, АКТ және сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолданатындығы байқалды. Оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, үй тапсырмасы өткен тақырыпқа сай беріледі.

   Сараптамалық отырыста физика, биология, информаткиа және Қазақстан тарихы пәндерінен жұмыстар жекелей бағаланды. Нәтижесінде: физика пәнінен І орынға №3 Успен ЖОББМ мұғалімі Байсельдинова Бактыгуль Балтабаевна, ІІ орынға Қаратай ЖОББМ мұғалімі Шапиев Дастан Мадениетович, ІІІ орынға №3 Успен ЖОББМ мұғалімі Садуова Назира Мусаевна; биология пәнінен І орынға №2 Успен ЖОББМ мұғалімі Сагитова Асель Конакбаевна, ІІ орынға Константинов ЖОББМ мұғалімі Мадениетова Индира Фаридовна, ІІІ орынға Вознесен НЖББМ мұғалімі Сафонова Наталья Викторовна; информатика пәнінен І орынға Қозыкеткен ЖОББМ мұғалімі Шимбаева Назира Даутхановна, ІІ орынға №1 Успен ЖОББМ мұғалімі Городов Олег Сергеевич; Қазақстан тарихы пәнінен І орынға №1 Успен ЖОББМ мұғалімі Сатыбалдинов Ерлан Айтмухаммедович ие болды.

   Білім бөлімі тарапынан қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды: «Жас ұрпақ» номинациясымен Белоусов ЖОББМ биология мұғалімі Сакауб Мират Кайратович және Тимирязев НЖББМ физика мұғалімі Улывхан Асканбай; «Педагогикалық дебют» номинациясымен №2 Успен ЖОББМ физика мұғалімі Галимова Гульнар Аманбаевна және Ольгин ЖОББМ биология мұғалімі Камилов Аманкелді; «Үздік CLIL - сабақ» номинациясымен №1 Успен ЖОББМ биология мұғалімі Арынгазинов Айбек Бекмуратович және Павлов ЖОББМ физика мұғалімі Королева Валентина Николаевна; «Тілдік емес пәндер арасындағы ағылшын тілді пән» номинациясымен Ковалев НЖББМ биология мұғалімі Дериглазова Наталья Михайловна; «Педагогикалық бастау» номинациясымен Ольгин ЖОББМ физика мұғалімі Бекенов Аян Файзоллаевич және Таволжан ЖОББМ физика мұғалімі Руденко Сергей Александрович.

   Үздік жұмыстар (І орын) «Үздік сабақ әзірлемесі - 2019» І облыстық конкурсының сырттай кезеңіне сараптамаға ұсынылды.