1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше14
Апта4
Ай379
Барлық күндері33510

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

 

 

     Акция «Болашақты біз бірге жасаймыз!»

   Білім беру бөлімі 2019 жылғы 3 шілде - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілуін жариялайды. Биылғы жылы акция «Жүректен жүрекке!» атты ұранымен өтеді.

   Акцияның мақсаты – аз қамтылған көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мектеп жәрмеңкесі, қайырымдылық күндер, рейдтік шаралар барысында балаларды мектепке қайтаруға және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Әр оқушы жақсы жағдайда сапалы білім алуға лайықты!

   СІЗДІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ БОЛ ДЕП ШАҚЫРАМЫЗ!

   Елімізде нашар қамтылған отбасылардан он мыңнан астам оқушылар бар. Оларға мектепке дайындалуға көмектесейік. Әсіресе, осы оқу жылында мектепке киінуге жағдайы жоқ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылардың оқушыларына аз да болса көмегімізді көрсетейік! Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша ала аласыз: 8 (71834) 91955, 8 (71834) 92420

 

 

 

Жаңалықтар

«Жас толқын-2019»

 

    12 маусым күні Аудандық мәдениет үйінде «Жас толқын-2019» аудандық бітіру кеші өтті.

   Аудан әкімінің орынбасары А. А. Дисюпова мектеп түлектері мен барлық жиналған қауым алдында құттықтау сөз сөйледі, өз сөзінде 2019 жылғы түлектердің ең үздік оқушыларын атап өтті. Олар: «Алтын белгі» иегерлері: Султангазинова Диана, Шоқанова Томирис (№1 Успен ЖОББМ), Харченко Диана, Чипак Никита (Галицк ЖОББМ); үздік аттестат иегері - Бахтыбекова Ұлжан (№3 Успен ЖОББМ). Түлектерге сыйлыққа смартфондар тарту етілді.

   Успен ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамоталарымен, мәдениет және спорт саласындағы жетістіктері үшін 46 түлек марапатталды.

   Жекелей пәндерді үздік оқығаны үшін Мақтау қағаздарымен, сондай-ақ, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің, Успен ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамоталарымен 46 түлек мәдениет және спорт саласындағы жетістіктері үшін марапатталды.

   Өздерінің тамаша музыкалық тартуымен мерекелік көңіл күй сыйлағаны үшін көркем өнерпаздар мен музыкалық жетекшілерге үлкен алғысымызды білдіргіміз. Олар: Вознесен, Галицк, №1 Успен және №3 мектептерінің би ұжымдары, әнді нақышына келіптіріп орындағандар - Жакупова Азалия (Қозыкеткен ЖОББМ), Крук Яна (Павлов ЖОББМ), Байұл Жанасыл (Лозовой ЖОББМ), Скакова Айжан және Жұмадір Амина (№3 Успен ЖОББМ), «Балдырған» БЭО вокальдық тобы.