1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін11
Кеше21
Апта32
Ай148
Барлық күндері52462

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Жаңалықтар

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасындағы «Абай жолы» - ғасырлық туынды» аудандық әдеби ринг

   Аудандық орталықтандырылған кітапхананың базасында білім бөлімі «Абай жолы» -ғасырлық туынды» атты әдеби ринг өтті. Сайыстың ережесіне сай 2 команда жігіттер мен қыздардан құралған мұғалімдер қатысты.

   Мақсаты: аталған шығарма арқылы Ұлы ақынның өнегелі өмірімен көпшілікті таныстыру, даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау.

   «Ақынды тану» кезеңінде Абай Құнанбайұлының ғұмырнамасы туралы тест тапсырмаларын орындады.

   «Кейіпкерлер келбеті» кезеңінде роман желісі бойынша кейіпкерлердің сипатын анықтау тапсырмасы берілді.

  «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» кезеңінде роман тарауларынан алынған оқиғаларды тарқатып, өрібітіп айтты. Сайыс тапсырмаларын орындау барысында мұғалімдер өздеріне ерекше рухани азық алды, мазмұнды мәнді сұрақтарға өр рухпен жауап берген 1-топ жігіттер командасы жеңіске жетті. Аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі сайысқа қатысушы мұғалімдерге кітап сыйлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды.