1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін10
Кеше21
Апта31
Ай147
Барлық күндері52461

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Жаңалықтар

Абай салған соқпақ бөлек, жол бөлек

   Уақыт – тынымсыз қозғалыс. Уақытқа бағынбақ – пенденің жазылмаған заңы болар. Әйтсе де Абай Құнанбайұлының да өмірге келгеніне 175 жыл толып отыр. Бұл дегеніміз бір жарым ғасырдан аса уақыт емес пе? Иә, бұл күнге де жеттік. Бүгінде біз тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрып отырмыз. Бұл 175 жыл талай қилы оқиғалардың куәсі екенін тарихтан жақсы білеміз. Абай бабамыздың артына қалдырған мол мұрасы, бүгінгі күнде адамзаттың әдебиет қорына рухани азығына айналып отыр. Абайды әлем мойындағалы да біраз жылдың көлемі болды. Биыл Ұлы Абай атамыздың айтулы мерейтойы Қазақстанның түпкір-түпкірінде тойланып жатыр.

   Осындай дүбірлі аламаннан қалыс қалмайық деп, біздің Успен ауданы да өз шама-шарқынша тойлап отырған жайы бар. Осы мақсатта аудан орталығындағы қазақ мектебінің қара шаңырағы №3 Успен жалпы орта білім беру мектебінде 2020 жылғы 27 ақпан күні Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы желісімен «Абай» спектаклі өтті. Аталған іс-шараға шақырылған қонақтар, бөлім басшылары, мектеп директорлары, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, ата-аналар, 5-11 сынып оқушылары қатысты. Абай өлеңдері мен қара сөздеріне құрылған сахналық қойылым қойылды. Қойылым рөлін сомдаушылар Успен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен мектеп ұстаздары және оқушылар болды. Қойылымның жобалық жетекшісі -аудандық мәдениет үйінің қызметкері Құрметжан Ербақ. Сонымен бірге оқушылар үнімен Абай әндері айтылып, қара сөздері оқылды. Мектеп ұжымы бұл шараға тыңғылықты әрі тиянақты дайындалғанының куәсі болдық. Алдағы уақытта да Абай мұрасын елге таныстыру жұмыстары тоқтамайтынына сеніміміз мол.

   Өйткені, Абай салған соқпақ бөлек, жол бөлек...