1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін23
Кеше23
Апта46
Ай720
Барлық күндері27618

Жаңалықтар мұрағаты

Жаңалықтар-2016

Жаңалықтар-2017

 

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Жаңалықтар

«Адал жол» марафоны

 

   2018 жылғы 7 қыркүйекте Успен ауданында жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны бастау алды, шара аудандық Мәдениет үйінде өтті. Жемқорлық тақырыбы әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

   Жемқорлық барлық қызмет салаларында кездеседі, соның ішінде медицинада, білім беру жүйесінде, басқару құрылымында да. Осындай жаһандық мәселе аз уақыттың ішінде пайда болмайтыны барлығымызға мәлім. Заманауи жемқорлық механизмдерінің қалыптасуы мен күшейтілген уақытында білім алатын адамдар, яғни жас ұрпақ – бұл мәселемен күресуді жүргізу қажет.

   Осындай шараның мақсаты жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушыларына және жастарға жемқорлықтың не екенін түсіндіру, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша шараларды жетілдіру, заңнамалықты және жемқорлыққа қарсы тәртіпті бекіту.

   Бағдарламаға сәйкес Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы әрекет жасау және мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттілік департаменті басшысының және Успен ауданы әкімінің қатысуымен марафонның салтанатты ашылуы өтті.

   Мектеп тәлімгері Кравченко З. И. басшылығымен Лозовой ЖОББМ «Принцип» насихаттау бригадасы марафонға «Білім беру жүйесінде - жемқорлық» бағдарламасымен қатысты, насихаттау бригадасында оқушылар «Жемқорлықпен күресу – мемлекеттік маңызы бар іс, екенін барлығына жеткізу» деп ұрандады. Сахнаға шығу уақытында балалар «Ақшамен білім ала алмайсын, намысынды ғана бұзасын. Бұл құпия емес: Жемқорлыққа ЖОҚ дейміз!» деп сөз сөйледі. Сонымен қатар бұл шарада Кунанбай Жалын «Арнау» және Анастасия Белоусова «Отаным» әндерін орындады. Жастар мен қауымдастық үшін «Шыңдық аспанының астында» атты бейнефильмі көрсетілді.

   Жоғары сынып оқушылары алған білімдері болашақта жемқорлықтың ешбір түрімен үйлесім таппайтынына сенімдіміз. Жемқорлықпен күресу әлемде адалдықты орнатудың шарты болып табылатынына балалар сенімді. Жастар жемқорлыққа қарсы! Болашақ жастардың қолында!