1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін28
Кеше51
Апта126
Ай809
Барлық күндері26447

Жаңалықтар мұрағаты

Жаңалықтар-2016

Жаңалықтар-2017

 

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Жаңалықтар

Ұстаз – мектептің жүрегі

 

    Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай ағымдағы жылдың 4 қазанында Успен ауылындағы аудандық Мәдениет үйі базасында салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының директорлары және қоғамдық мекемелердің өкілдері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Абушахманов құттықтау сөз сөйлеп, бір топ озат мұғалімдерге алғыс хаттар табыстап, гүл шоқтарын ұсынды. «Ізденімпаз ұстаз» және «Шабыт» номинацияларымен білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері марапатталды. Сонымен бірге мадақтамалар мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

   Салтанатты рәсім дәстүр бойынша жыл сайын өтілетін аудандық «Жыл мұғалімі» және «Жыл тәрбиешісі» конкурс жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасын тапты. «Жыл мұғалімі» атағы №2 Успен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Т.Калыковаға берілді. «Жыл тәрбиешісі» конкурсының жеңімпазы С.С.Шикунова, №2 Успен орта мектебінің мектепке даярлық тобының тәрбиешісі лайықты деп танылды. Әрі мұғалімдерге жас өнерпаздардың құттықтауы ретінде мерекелік концерті ұсынылды.