1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін5
Кеше7
Апта5
Ай585
Барлық күндері53722

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Материалдар

Армандар орындалады

   

    Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жылдан жылға артып келеді, бұл ащы шындық және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қоғамдағы ешбір сала дәл осы мәселедей түйіткілді және бірінші кезекте назар аударар мәселелердің бірі емес. Өмірлік қиын жағдайда қалған балалардың 90% әлеуметтік жетімдер, демек ана-анасының көзі тірісінде жетімдік көрген- тірі жетімдер. Мемлекет аталған санаттағы балалар үшін барлық жағдайды жасап отыр. Оның мысалы 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік боп танылған отбасалық үлгіде Успен балалар үйі. Бірақ қандай тамаша жағдай жасалсын, бұл балаларға отбасын алмастыра алмасы да сөзсіз. Осыған байланысты, Успен аудандық білім бөлімінің және балалардың құқығын қорғау органы бастамасымен 2017 жылдың 09 қарашасында «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында «Армандар орындалады» марафоны өткізілді. Аталған марафонда «Хочу в семью» және «Армандар орындалады» атты екі акция бастау алды, осы акция ай бойы жалғасады. Бұл шараның басты мақсаты жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру әлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып табылады. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, депутаттар, ана-аналар қауымдастығы, білім мекемелерінің басшылары, ауыл және округ әкімдері, жергілікті және атқарушы органдар басшылары, шаруа қожалықтарының басшылары, қамқоршылар мен паронат аналар қатысты. Көрермен назарына Успен балалар үйіндегі тұратын балалар туралы видеороликтер, әлеуметті роликтер музыкалық номерлер ұсынылды. Әсіресе өзінің жүрек түкпіріндегі асыл армандарымен бөліскен балалар көрермендердің жүрегіне әсер етті. Балалардың басты арманы ата-аналар табу немесе өз отбасына оралу. Балалардың бірі велосипед, бірі ролик қаласа, енді біреулері қуыршақ, былғары добын және т.б қалайтындарын айтты. Аудан әкімдігі Богатырь мектебінің 7 сынып оқушысы Чеботарев Даниилге жүрдек велосипед әперіп арманын орындады. Білім бөлімі мен депутаттар ең кішкентай Садиева Динара мен Логвиненко Катяның армандарын орындады. Акция ауданның барлық ауылдары мен округтарына тарап кетті. Білім бөлімі эстафетаны осы іс-шараны өзінің ауылдарында жалғастыратын ауылдық округ әкімдеріне ұсынды, бөлім басшылары аталған мәселе бойынша ақпараттық - түсіндірме жұмыстарын жалғастыратын болады. Осы шарада ата-аналық міндетті қаймықпай мойнына алған қамқоршылар мен патронат аналарға кұрмет көрсетілді. Қамқоршылар мен патронат аналар: А.А. Мордовец, Л.И. Герт, Л.И. Логвиненко, Б.Ш Мукушева, М.Х. Амри, О.В. Кинчевская. Көрермендер оларды зор құрметпен қол соғып қарсы алды, Успен ауданы әкімінің орынбасары Альмира Аманқызы Дисюпова тек балаларды тәрбиелеп отырғаны үшін ғана емес,балаларды отбасына қосып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың болашағы үшін қосқан орасан үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ демеушілік көмек көрсеткен А.А. Касицын, К.Н. Баймағамбетов, Н.Н. Штрек, Д.З Сейтқазинов, И.К. Рысмағамбетов шаруа қожалықтарының қосқан қомақты үлесі де назардан тыс қалмай аталып өтті. Ай бойы балалардың барлық армандары орындалатын болады. Әрбір бала бақытты болуға лайық.

1