1
2
3
4
5

Сайт бойынша іздеу


Сайт статистикасы

Бүгін8
Кеше34
Апта42
Ай718
Барлық күндері31604

Қауырт желісі

liniya

 

 

 

Областной кризисный центр РК
г. Павлодар, ул. Ломова, д. 47/1
Тел.: 34-13-13
Телефон доверия: 88000803434
pvl.help-center@yandex.kz

 

100 logo kz

 

114

Сайтқа кіру

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Материалдар

   

   Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша

 

   2014 жылдан бастап депутаттардың бастамалары мен мектеп директорларының ұсыныстары бойынша тамақтану сапасына әсер ететін, сондай-ақ мектеп директорларының қызметтерді жеткізіп берушілерге тікелей бақылау жүргізу мүмкіндігінің болмауынан орын алған бағалар демпингіне байланысты қызметтерді, тауарларды жеткізіп берушілерді таңдау, мемлекеттік сатып алу жүйесінен алынып тасталды.

   Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталған (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрық).

   Балалардың тамақтану сапасына кепілдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қағидаларда білікті қызметкерлер штаты бар (жұмыс тәжірибесі, аспазшылардың біліктілігі, технолог, диетолог, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерін өздігінен өндірісінің бар болуы, энергия үнемдеу жабдықтарының бар болуы) аталған қызметті көрсетуге аса дайын жеткізіп берушіні таңдауға мүмкіндік беретін критерийлер қарастырылған.

   2018 жылдан бастап азық-түлік өнімдерін сақтау шарттарына, жасалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі енгізілген.

   Сондай-ақ, қағидаларға сәйкес конкурстық комиссия құрамына үкіметтік емес ұйым және ата-аналар жұртшылығының, қорғаншылық кеңестердің, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық орган өкілдері енген.

    Жеткізіп берушілер құнарлы және табиғи азық-түлік өнімдерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін қағидаларда мектеп тамақтануын ұйымдастыру және отандық өнім берушілердің азық-түлігін сатып алу кезінде қолданылатын азық-түлікті өндіретін жеке өндірісінің бар болуына (шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылық, жылы жай және т.б.) жеткізіп берушілердің қосымша балл алу қарастырылған.

   Тағамдардың, азық-түлік пен тәтті өнімдердің тұтынушылық құрамы, олардың органолептикалық құрамы, жасау технологиясы мен шарттары балаларға арналған азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты Еуразия экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.

   Жеткізіп беруші шарт міндеттерін бұзу немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда шарт сот тәртібінде бұзылады және аталған жеткізіп беруші жосықсыз деп танылады (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 бұйрық).

   2015 жылдан бастап жекелеген категориядағы білім алушыларды сапалы тамақтанумен қамтамасыз ету мақсатында министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп алғашқы рет бір реттік мектеп тамақтануының бірыңғай нормаларын әзірледі (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына толықтырулар енгізілген).

   Аталған нормалармен балалар организмі үшін барлық қажетті микронутриенттерін: дәрумендер, минералды заттар мен микроэлементтер алу қарастырылған.

   2018 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білім алушыларын құнарлы (ыстық) тамақтандыруға қызығушылықты арттыру мақсатында ҚР ДМ оқу орындарында рационды тамақтандыру бойынша бірыңғай стандартты әзірледі.

   2019 жылы министрлік объектіге бармай-ақ бақылау іс-шараларын жүзеге асырусыз жүргізуге мүмкіндік беретін білім беру органдары мен ұйымдарының мектеп тамақтануын ұйымдастыруға камералық бақылауды енгізді.

   Сондай-ақ, министрлік ҚР ҚМ бірлесіп, конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алу порталы арқылы электронды форматқа көшіру мәселесін пысықтауда.

   Бүгінгі таңда мектеп қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар жұртшылығының ұсынылған қызметті тұрақты бақылау мүмкіндігі қарастырылған. Әрбір мектепте балаларды тамақтандыруды бақылау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады, құрамына мектептің медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңес мүшелері кіреді.

   Тамақтануды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қызметті жеткізіп беруші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына сапасы мен қауіпсіздікті куәландыратын құжаттар қосымшаларымен білім алушылар үшін қолданылатын азық-түлік өнімдерінің тізбесі туралы мәлімет ұсынуы тиіс.

   Күн сайын медбике немесе жауапты тұлға тағам және тәтті өнімдер сапасын органолептикалық бағалау журналына жазбалар енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

   Осылайша, қазіргі таңда балаларды тамақтандыру сапасына әсер ететін, мектеп әкімшілігіне мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктер пысықталған. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдары басшылығының (бракеражды комиссия төрағалары) жауапкершілік деңгейіне жататын бірінші жоспары екенін мойындаған жөн.

   Осыған байланысты, мектепте тамақтандыру сапасын арттыру бойынша министрлік қызметінің негізгі бағыттары тамақтану сапасын бақылау бойынша бракеражды комиссия қызметінің тәртібін ақпараттық жариялауды кеңінен қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде бұзушылықтар орын алған жағдайда білім алушылар мен олардың ата-аналарын одан кейінгі іс-қимылдар туралы ақпараттандыру.